ҚОСТАНАЙ, 20 қазан — Sputnik. Меңдіқара АІІБ полиция қызметкерлері полиция ғимаратына оқ жаудырған 35 жастағы күдіктіні ұстады.
"Біз оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын анықтады, ол полиция қызметкерлеріне бағынбай, тіл тигізген", — деп хабарлады облыстың ІІД полиция подполковнигі, қылмыстық полиция басқармасы басшының орынбасары Ерлан Рахимов.
Оның айтуынша, ұсталған азаматтың әрекеті "Арнайы мемлекеттік құқық қорғау органының қызметкеріне қастандық жасау" бабы бойынша қаралады, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Рахимов тергеуге зияны тиеді деп тілшілерге басқадай мәлімет берген жоқ.
Батыс Қазақстанда 300-ден астам полицей жұмыссыз қалуы мүмкін
Меңдіқара АІІБ-не 16 қазанда белгісіз біреулер көлікпен келіп, оқ жаудырды. Төтенше оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.