Мәдениет

Қыдырәлі Болманов өзі туралы кітап жазып шығармақ

Танымал қазақстандық әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов автобиографиялық кітап жазып жатқанын және оның негізінде деректі фильм түсірілетінін айтты
Sputnik

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Өз туындысында бес баланың әкесі 90-жылдарда қалай өмір сүргенін баяндамақ.

Тоқаевтың ұсынысы Қыдырәлі Болмановтың күлкісін келтірді

"Кітапта бұл жылдарда басымнан қандай оқиғалар өткенін баяндайтын боламын. Сондай-ақ, арнайы батальонде борышымды өтеп жүріп қандай қиындықтарға тап болғанымды және ол қиындықтардан қалай құтылып шыққанымды жазамын. Кітап желісі толықтай шынайы оқиғаларға негізделмек", — деп жоспарын бөлісті продюсер.

Болманов, мұнымен қатар, бұл кітапты өмірден өз орнын таба алмай жүрген 20 жастағы ұл-қыздар үшін жазып жатқанын айтып өтті.