21 қазанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
21 қазанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:
Ұлыбританияда бүгін Aлма күні аталып өтеді. Мереке 1990 жылдан бері, Common Ground қайырымдылық ұйымы Ұлыбританиядағы алма бақтарын құтқарумен айналыса бастаған кезден ағылшын дәстүріне айналды. Aлма өмірдің, қуаныштың, молшылық пен табиғат жомарттығының символы саналады, сондықтан бұл көңілді мереке жыл бойы күш-қуат беріп отырады.
21 қазан күні ағылшын бағбандары қала жәрмеңкелерінде түрлі сұрыптардың жемістерін сата отырып, өз жетістіктерін паш етеді, питомниктер сирек алма ағаштары көшеттерін таратады, дүкендер сатып алушыларды алма ассортиментінің әр алуандығымен таңғалдырады, ал дәмхана, кондитерлік дүкендер және көше сауда дүңгіршектері келушілерге алма шырындарын ұсынады. Осы күні қала жәрмеңкелері алма өсіру бойынша шеберлік сағаттарына айналады. Үздік "алма" әңгімесіне конкурс жарияланады, қала тұрғындары алма нысанасына оқ атудан сайысқа түседі.
АҚШ пен Мексикада жыл сайын 21 қазанда Халықаралық начос күні аталып өтеді. Бұл танымал мексикалық тіске басар – ірімшік және тұздықтармен сатылатын чипсы. Начос атауы Мексика мен АҚШ-та танымал осы тағамды ойлап тапқан мексикалық ресторатор Игнасио "Начо" Анайидің құрметіне берілген.
Сондай-ақ күздің бұл күні Түрлі-түсті қолшатырлар күні мерекесі тойланады.
Қолшатыр (голландтың "sonnedek" сөзінен алынған – күннен қорғаныш) – бұл шаш пен киімді жаңбыр мен желден қорғауға мүмкіндік беретін өте қажетті зат. Қолшатыр Ассирия мен Ежелгі Мысырда пайда болды, онда ол пальма жапырақтары менбамбуктен жасалды. Ол жерден Қытайға жетті. Қытай қолшатырларында бамбуктің рөлін тоқылған жасанды жібек атқарды. Қытай қолшатырлары жиналмалы болды. ТМД-да қолшатырлар XVIII ғасырда пайда болды, ал сәнқой әйелдердің бәрі бұл сәнді аксессуарды бірден ұнатты.
21 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар:
1721 жылы Ресей ресми түрде империя атанды;
1879 жылы америкалық өнертапқыш Томас Эдисон өзінің алғашқы шамын сынақтан өткізді;
1923 жылы Мюнхенде әлемдегі алғашқы планетарий ашылды;
1992 жылы Мадонна жазған "Секс" кітабы сатылымға түсті.
21 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
1868 жылы Ақмола облысы құрылды. Оның құрамына Көкшетау, Ақмола, Атбасар уездері, сондай-ақ Омбы және Петропавл қалаларында орналасқан Сібір казак әскерлерінің 1-ші, 5 және 6-шы полктарының бірқатар учаскелік округтері кірді.
1997 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласын елдің жаңа астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, кейінірек оның атауы Астана деп өзгертілді;
1997 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесі құрылды;
2011 жылы Қарағандыда қазақтың белгілі ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды;
2011 жылы Қостанай қаласында Тобыл өзені арқылы өтетін жаңа көпірде көлік қозғалысын ашу салтанаты өтті. Бұл көпір Қазақстандағы сегіз ірі көпірдің бірі болды.
21 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар:
1833 жылы швед химигі, инженер, динамитті ойлап тапқан Альфред Нобель дүниеге келді. Ол артында қалдырған мол дәулетіне физика, химия, медицина, әдебиет саласында едәуір маңызды жетістікке жеткен және бейбітшілікті нығайтуға үлес қосқан тұлғаларға тапсырылатын жүлде құруды өсиет етті. Оның құрметіне синтезделген химиялық элемент Нобелий деп аталды;
1922 жылы француз кәсіпкері және меценат Лилиан Беттанкур дүниеге келді. 1909 жылы әкесі негізін қалаған L'Oréal компаниясы қожайындарының бірі болды. Әлемдегі ең бай адамдардың бірі. Дүниеден озған сәтте әлемдегі ең бай әйел болған;
1956 жылы америкалық актриса, сценарист Кэрри Фишер дүниеге келді. "Звездные воины" киносында ханшайым Лея Органның рөлін сомдады.
1945 жылы кеңестік және ресейлік кинорежиссер, актер, сценарист және продюсер Никита Михалков дүниеге келді. РСФСР халық әртісі (1984). "Отан алдындағы еңбегі үшін" орденінің иегері.
21 қазанда Қазақстанда кім дүниеге келді:
1898 жылы мемлекет қайраткері Жұбаныш Бәрібаев дүниеге келді;
1906 жылы ботаник, биология ғылымының докторы Константин Сушков дүниеге келді;
1930 жылы қоғам қайраткері, биология ғылымдарының кандидаты Тәңірберген Машеев дүниеге келді;
1935 жылы ірі ғылыми зерттеуші, мұнай мен газ геологиясының көрнекті ғалым қайраткері Эдгард Воцалевский дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай балықтар белгісінде орналасады. Ауа райы қандай болса да, таңертең жүгіруге, ең болмағанда таза ауада серуендеуге тырысыңыз. Бір жерде тұрып қалмаңыз, қозғалыс – бұл өмір, күш-қуатыңыз тасып тұрғанда, көбірек іс тындыруға әрекет жасаңыз.