Әлем

Жүзге толған әжей күйеуге шықты

Некелесу салтанатынан кейін қарт әйел осы сәтті ұзақ күткенін айтты
Sputnik

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Былтыр 100 жас мерейтойын атап өткен Ұлыбритания тұрғыны Нора Уиткисс (Norah Witkiss) өзінен 26 жас кіші ер адамға тұрмысқа шықты.

Қалыңдық болашақ жары Малкольм Йетспен (Malcolm Yates) 1980 жылдардың соңында би сабағында танысқан, деп жазады The Mirror.  Содан бері екеуінің жұбы жазылмаған.

Күйеу жігіті бұрын автобус жүргізушісі болып жұмыс істеп, сабаққа алғаш келгенде би билей алмағанын мойындайды.

"Маған би билеуді үйретті. Бірге саяхаттап, серуен құратынбыз. Ең сүйікті биіміз — ча-ча-ча", — дейді Малкольм Йетс.

Некелесу салтанаты Престенин қаласында үйлерінің жанындағы қонақ үйде өтті. Тойға 30 адам қатысқан – жұбайлардың достары мен туыстары.

Еліміздегі ең ерекше үйлену тойының видеосы жарияланды
Күйеу жігіт қалыңдығын мүгедек арбасын отырғызып, ABBA тобының Dancing Queen әнімен алып шықты.

"Қалыңдық болу – керемет, сонша жыл күткенім ақталды", — дейді Нора Уиткисс қуанышы қойынына сыймай.

Әжей 1917 жылы туған. Гольф клубта қызметші әрі аспаз болып істеп жүріп, 18 жасында тұрмыс құрады. Күйеуі 1970 жылы қайтыс болған. Кейін тағы бір азаматты кезіктіріп, ол қайтыс болғанға дейін 16 жыл отасады. Содан соң Йетспен танысыпты.