Әлем

"Айтқанымды істемеді". Жүкті келіншекті атасы болмашы нәрсеге бола өлтірді

Марқұмның күйеуі бұл кезде басқа қалада болған. Оның айтуынша, әкесі мен әйелі болмашы дүниеге келіспей қалып жүрген
Sputnik

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Тәжікстанда аудандық сот Сафар Носировты келінін қылқындырып өлтіргені үшін 13 жылға соттады. Үкім ай басында шығарылып, күшіне енген.

Жамбылда жас келін төркінінде 10 күн жатып келгеннен кейін ажал құшты

Сотта Носиров 28 жастағы келінін қылқындырып өлтіргенін мойындады. Қайғылы оқиға биыл 18 мамырда болған. Кісі өліміне Шахноз Абдураззакованың тезектен тұрғызған пирамиданы абайсыз құлатып қойғаны себеп болған, деп жазды centralasian.org.

Носиров келінінің бұзылған пирамиданы қайта тұрғызғысы келмегенін, соған қатты ызаланғанын айтты. Сотталушының айтуынша, Шахноза бұған дейін де үй қожайынының айтқандарын істемеген, онымен үнемі дауласатын болған.

Дәрігерлер марқұмның екінші баласына аяғы ауыр екенін хабарлады. Қайғылы оқиғадан соң оның жалғыз қызын марқұмның туыстарына асырауға берген.

Шахноздың күйеуі Умед Носиров бұл кезде басқа қалада болған. Оның айтуынша, әкесі мен әйелі болмашы дүниеге үнемі келіспей қалып жүрген.

Сафар Носиров 90-жылдары алаяқтық жасағаны үшін үш жыл колонияда отырып келген.