Өңірлер

Синоптиктер демалыс күндеріне ауа райы болжамын айтты

Осы демалыста Қазақстанда ауа райы бұлтты болып, қар жауады
Sputnik

АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде алдағы демалыста күн бұлттанып, ауа райы жауын-шашынды болады, қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің айтуынша, оған 20-22 қазанда Қазақстан арқылы өтетін суық атмосфералық фронттар себепкер екен.

Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғары атмосфералық қысым аясында ауа райы жауын-шашынсыз болады, бірақ оңтүстік-шығыста алдағы түнде кей жерлерде қар жаууы мүмкін, және ауа температурасы күндіз плюс 13…20 градусқа дейін жылынады.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, Астанада 20 қазанда күндіз ауа температурасы +5..+7 жылы, түнде  —3..-5 аяз. 21 қазанда күндіз температура +8..+10 нөлден жоғары, түнде – +2..+4.

Алматыда 20 қазанда күндіз ауа температурасы +7..+9 жылы, түнде 0..+2, 21 қазанда күндіз +11..+13 жылы, түнде +1..+4.

Шымкентте 20 қазанда ауа райы +16..+18 жылы, түнде +2..+4, 21 қазанда +19..+21 жылы, түнде +2..+4.

Бұдан бұрын Қазгидромет синоптиктері хабарлағандай, алдағы қыс Қазақстанда өте суық болады. Мәлімет бойынша, қараша айында аяз түсіп, жауын-шашын, ұйытқыған жел, көктайғақ және тұман болады.