Әлем

Қытай тұрғынын ара шағып өлтірген сәт видеоға түсіп қалды

Ер адам араның ұясын ұстап тұрып билеп, азапты өліммен өлді
Sputnik

АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қытай тұрғыны бүгелектермен (араның бір түрі) билеп, олардың ұясын бұзған.  

Ол араның уы қорғаныс костюмінен өтпейді деп ойлап, өз өлімін кездейсоқ видеоға түсіріп алған. Жазбаны LiveLeak басылымы жариялады.

  

Роликте құтқарушылар ер адамның мәйітін алып кетіп жатқаны көрінеді.  

Азиялық ара еуропалық тұқымдастарына қарағанда анағұрлым улы болады. Жапонияда алып аралар жыл сайын қырыққа тарта адамды шағып өлтіреді екен.