Спорт

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкиннің промоутері боксшының рингке қашан қайтып оралатынын айтты
Sputnik

АСТАНА, 18 қазан — Sputnik. Геннадий Головкиннің промоутері қазақстандық боксшының қатысуымен өтетін жекпе-жектердің қашан өтетінін айтты, деп жазады sports.kz.

Головкин WBC рейтингінде бірінші орын алды
GGG промоутері Том Леффлердің айтуынша, әлемнің экс-чемпионы 2019 жылдың көктемінде рингке шығады. Ол келесі жекпе-жек наурызға дейін болмайтынын, бірақ мамырдан кешіктірілмейтінін нақтылап өтті.  

Қазақстандық боксшының қарсыласы кім болатынын әлі белгісіз. Бірақ, Том Леффлердің сөзінше, орта салмақта Головкинмен жұдырықтасуға ниетті спортшылар жетерлік. Олардың ішінде бұрын қазақстандық боксшымен рингке шыққысы келмегендер де бар. 

"Өйткені көп ақша қойылады және ол қазір әрбір қарсыласын нокаутқа жібермейді", — деп түсіндірді ол. 

Тағы оқыңыз:

Айта кетсек, Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізумен қатар, орта салмақтағы "тұрақты" WBA әлем чемпионы жапон Риота Муратамен жұдырықтасу қарастырылған болатын. Бірақ, Головкиннің промоутері мәлем еткендей, ешбір жекпе-жек Triple G командасына «Канеломен» үшінші жекпе-жек ұйымдастыруға кедергі келтірмейді. 

Еске салсақ, Головкин 15 қыркүйекте өткізген соңғы жекпе-жегінде Альварестен жеңіліп қалып, WBA (Super), WBC және IBO чемпиондық титулдарынан айырылды. Барлық белбеу мексикалық боксшыға тапсырылды.