Оқиға

17 жастағы қызды төсегінде өлтіріп кетті, екі ағасы ұсталды

Қыз Бішкектегі лицейлердің бірінде ағасының үйінде тұрып оқыған
Sputnik

АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қырғызстанда 17 жастағы қызды өлтіріп кетті. 

Бішкектегі тұрғын үйлердің бірінде мәйіт табылғаны туралы хабарлама милицияға 15 қазан күні сағат 7.30-да түскен, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

Қостанай облысында екі дос қарыз қайтармаған әріптесін аяусыз өлтірді

"Нарынқол облысынан келген қыз Бішкектегі лицейлердің бірінде ағасының үйінде тұрып оқыған. Қыздың мәйіті жатқан үйдің екінші қабатынан құқық қорғау қызметкерлері киім-кешек тапты, үй суық болғандықтан қыз киіммен жатқан", — деді дереккөз.

Қыздың мәйіті төсектен табылған, ол жалаңаш болған. 

Сот-медициналық сараптама оны ұрып-соғып, тұншықтырып өлтіргенін көрсетті. Кісі өлтірді деген күдікпен 21 жастағы және 20 жастағы жігіттер ұсталды, олар марқұмның немере ағасы болып келетіні анықталды. Олардың бірі кінәсін мойындаған.  

Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 97-бабы "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.