Әлем

Шетелдік БАҚ түркістандық "сақалды апаны" террористердің лидері деп атады

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған террористің өлтірілгені туралы ақпаратта қазақ әжейінің фотосы пайдаланылған
Sputnik

АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Иранда шығатын бірнеше бұқаралық ақпарат құралы жарияланған репортаждың кейіпкері – түркістандық 70 жастағы Мухтабар Тораеваны ИГ* террористік ұйымының көшбасшысы деп атаған. 

Ақпарат fararu.com, khabarban.com, tadbir24.ir. басылымдарында шыққан. Жарияланған жаңалықта IRGC (Ислам революциясы сақшыларының корпусы) ирандық әскери-саяси құрылымының Иракпен шекарадағы сириялық Аль-Букмал қаласына ракетамен жасалған шабуылы кезінде "Ислам мемлекеті" көшбасшыларының бірі Абу Али аль-Машхадани қаза тапты деп хабарланады.Бірақ жаңалықтың суретіне Қазақстанның Түркістан облысында тұрып жатқан жұрт "сақалды апа" деп атап кеткен әжейдің фотосы пайдаланылыпты.

khabarban.com сайтында шыққан ақпарат
tadbir24.ir сайтында шыққан ақпарат

Sputnik Қазақстан қыркүйекте табиғи болмысы ерекше дайындаған еді. Сұхбатта 70 жастағы әжей 35 жылдан бері сақалмен жүргенін және оны мақтан тұтатынын айтқан болатын. Sputnik Қазақстан тілшісі кейіпкердің үйінде түсірген нақ осы фотоны Иранның бұқаралық ақпарат құралдары өз жаңалығында пайдаланған. 

Мухтабар Тораева

Riafan.ru ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 1 қазанда "Ислам мемлекеті" шын мәнінде Иранның Сирияның солтүстік-шығысында жасаған түнгі шабуылы кезінде көшбасшыларының бірінен айырылған. Сондай-ақ, содырдың Ирактың Мосул қаласы аумағында қауіпсіздік басшысы болғаны атап өтіледі. Бұдан бөлек, тағы онға жуық лаңкес өлтірілген. 

*ИГ, Ислам мемлекеті – Қазақстанда, Ресейде және тағы басқа да мемлекеттерде тыйым салынған террористік ұйым.