Экономика

Төмен пайызбен ипотека беретін жаңа бағдарлама: шарттары қандай?

Қазақстанның 16 қаласында қазан айының соңында пайыздық мөлшерлемесі жылына 12% жаңа ипотека іске қосылады
Sputnik

АЛМАТЫ, 17 қазан — Sputnik. "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" (ҚИК) екінші деңгейлі банктермен бірге жаңа ипотеканы іске қосады. Бұл жайында бүгін Алматыда ҚИК  басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов айтты.

"7-20-25": екі миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріледі
Оның айтуынша, "Орда" ипотекалық өнімі – алдыңғы қатарлы елдердің ұзақ жылғы тәжірибесінің жемісі.

Жаңа ипотеканың шарты мұндай: қарыз алушы кірісін толық растаған жағдайда қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 12% болады, ал жартылай растағанда — 14%. Ең жоғары несие сомасы – 40 миллион теңге, ипотеканы 20 жылға дейін ресімдеуге болады. 

"Бастапқы жарнаны ақшамен төлеуге болады. Ал бастапқы жарна болмаса, қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаға тиесілі жылжымайтын мүлікті кепілге қою мүмкіндігін қарастыра аламыз", — дейді Мұхамеджанов.

Қазақстанның 16 қаласында да бұл ипотеканы ресімдеуге болады. Жаңа ипотека авторларының мәліметінше, бұл нарықтық өнім, сондықтан басқа ипотекалық бағдарламалармен тең жағдайда жұмыс істейтін болады.

"7-20-25" баспанаға мұқтаждардың барлығын бірдей жарылқай алмауы мүмкін
"Орда" ипотекасын алғысы келетін клиенттер Қазақстанның ипотекалық компаниясының серіктес банктеріне өтініш жазады. Өтінішті банктер ҚИК компаниясына жолдап, шешім қабылданады.

Жаңа ипотекалық өнім қазанның соңына дейін іске қосылады.

ҚИК басқарма төрағасының сөзіне сүйенсек, 2018 жылдың соңына дейін 4 миллиард теңге сома көлемінде ипотекалық несие беру көзделген. Жоба сәтті шықса, келесі жылы қаражат көлемі он есе ұлғаяды.