АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Олжас Сүлейменов ем қабылдауына байланысты Астанада немересінің қазасына байланысты өтіп жатқан сот отырысына қатыса алмады. Бұл туралы бүгін сот отырысында жәбірленуші тараптың адковаты Дамир Сандинов оқып берген хатта айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Отбасының үлкені ретінде менің де сот отырысына қатысуым керек шығар. Бірақ қатыса алмаймын. Ем қабылдап жатырмын, оның үстіне сотта айтылатындар мен оқиға видеоларын көру мен үшін өте ауыр. Мен әлі күнге дейін әлеуметтік желілерге кірген жоқпын. Желіде таралған сұмдық кадрларды ешқашан көргім келмейді. Оның үстіне менің сотқа қатысуым істің ақиқатын анықтауға ешқандай да көмектеспейді. Адам өлімімен аяқталған жол апаты бұл әрқашан да кісі өлтіру екені практикадан белгілі. Тіпті әдейі болмаса да, мұндай жағдайда жол ережесін бұзу қылмыс. Оқиғаның мән-жайын анықтау тергеу мен соттың ісі. Ескендір енді қайтып келмейді, иманды болсын. Жалғыз немерем", —делінген хатта.
Олжас Сүлейменов сот процесінің барысы мен қорытындысы жақындарының денсаулығына теріс әсерін тигізбегенін қалайды.
"Барлығы заң бойынша өтетініне сенемін", — деген ол.
Еске сала кетсек, қайғылы оқиға осы жылдың 22 маусымында елордадағы көше қиылыстарының бірінде болған еді. Қызылорда ІІД бастығының қызы Малика Мұхитова солға бұрылу кезінде мотоциклшіні қағып кеткен. Жас жігіт оқиға орнында жан тапсырды. Бүгін Малика Мұхитова марқұмның ата-анасынан жылап кешірім сұрады.
Олжас Сүлейменовтің немересін қай дөкейдің қызы қағып өлтіргені анықталды