Мәдениет

"Анамның жетістігі". Қайрат Нұртас фильмінің Америкада көрсетілгенін айтып мақтанды

Қазақстандық режиссер Рашид Сүлейменов түсірген туынды Америкада өтіп жатқан кинофестивальге қатысып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Қазақстандық режиссер Рашид Сүлейменов түсірген "Арман" фильмі АҚШ-тың астанасында көрсетілді. Вашингтон қаласының тұрғындары картинаның өздеріне ерекше әсер қалдырғанын айтып жатыр. Сондай-ақ, олар сюжетте көтерілген мәселенің бүгінгі қоғамда өзекті екеніне, актерлер мен режиссердің кәсіби шеберліктеріне қайран қалғандарын жеткізді.

"Жұлдыз менде ғана бар". Қайрат Нұртас әйеліне ән арнады
Аталған фильмде басты рөлдерді Қайрат Нұртас пен оның келіншегі, Темірбек Жүргенов атындағы академияның түлегі Жұлдыз Әбдікәрімова сомдаған-ды.

Фильм зорлық-зомбылыққа тап болған бойжеткеннің аянышты тағдырына арналады.

"Бұл — менің анамның тағы бір жетістігі. Анамның бастамасымен түсірілген "Арман" фильмінің тұсаукесері АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтті. Өте қуаныштымын! Енді Құдай қаласа 24 қазан күні Лос-Анджелесте өтетін "Asian film festival" атты фестивальден абыроймен келуіңізді тілеймін. Негізі фильмнің көрермен жүрегінен орын алып, жақсы пікірге ие болып жатқанына келіншегім Жұлдыздың да қосқан үлесі зор. Енесі мен келіні бір-бірін керемет толықтырады десем болады. Анашым, мен сізбен мақтанамын! Әлі арманыңыздың көп екенін білемін. Барлығы орындалсыншы", — деді Қайрат Нұртас.

Енді аталған фильм 25 қазан күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында көрсетілмек.