Өңірлер

Алматыда автобус жеке үйдің қорғанын бұзып кірді

Жол-көлік оқиғасы Папанин мен Кожедуб көшелерінің қиылысында болды. Автокөлікпен соқтығысқан автобус тұрғын үй қорғанына кіріп кетті
Sputnik

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, бір адам жарақат алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгерлер.

Олардың айтуынша, автобус Папанин көшесімен солтүстікке қарай өз жолымен жүріп бара жатқан.

Алматыда автобус жол апатына ұшырады

Осы кезде Кожедуб көшесінде Honda Odyssey автокөлігі келе жатады. Жүргізуші "Жол бер" деген белгіні елемеген бе, әлде байқамады ма екен, жол қиылысында автобустың бүйірінен соққан. 

Алматыда автобус жол апатына ұшырады
 Автобус жүргізушісі қатты соққыны болдырмау үшін рөлді оңға бұрып жіберіп, жеке үйдің қорғанын бұзып кірген.  

Жол апаты салдарынан Honda Odyssey көлігіндегі жолаушы зардап шекті, ол әр түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Алматыда автобус жол апатына ұшырады