Әлем

Махаббат мәңгі ертегі: аймаласып тұрған қос елес суретке түсіп қалды

Суреттің авторының айтуынша, бұл Ромео мен Джульеттаның елесі болуы мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. 60 жастағы Рон Бауэрс Линкольнширдегі Ревесби аббатығында серуендеп жүріп қорқынышты көріністі суретке түсіріп алды. Фотода ескі ғимарат фонында екі елес құшақтасып тұр, деп хабарлайды The Sun.

Рон Бауэрстің мамандығы инженер, тылсым дүниелерге онша сене бермейді, бірақ осы оқиғадан кейін нағыз сүйіспеншіліктің адам өлгеннен кейін де жалғаса беретініне көзі жетіпті. Ер адамның пікірінше, бұл — қос ғашықтың, бәлкім, Ромео мен Джульеттаның елесі.

Құшақтасып түрған екі елес

Рон серуендеп жүргенде, бір түрлі дыбыс естіледі, артына бұрылып қараса, тұман арасынан адамның сұлбасы көрінген. Бастапқыда бір адам болып көрінгенімен, кейінірек құшақтасып тұрған жұпты анық байқайды.

"Екі адам құшақтасып тұрғандай көрінді, бір-біріне ғашық сияқты", — дейді Рон Бауэрс.

Суреттің негативінде екі адамның бейнесін айқын көруге болады. Шынымен құшақтасып тұрған қыз бен жігіт секілді.

Қос елестің суретінің негатив нұсқасы

Рон Бауэрс суреттің күдік туғызатынын мойындаса да, ештеңені қолдан жасаған жоқпын деп ант-су ішіп отыр.