АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласына келді.
Сапар аясында Қазақстан президентінің өңірдегі бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралап көруі жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ақорда.
Еске сала кетейік, қыркүйек айының соңында Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласы мен Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған болатын. Шымкентте президент мегаполистің тұрғын үй құрылысының және әлеуметтік инфрақұрылымының жоспарымен танысып, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Мемлекет басшысы мұндай кеңесті Түркістанда да өткізіп, облыс жұртшылығымен кездескен еді.