Мәдениет

Алтынай Жорабаева сотқа не үшін шақырту алғанын айтып берді

Әнші айына 6 мың доллар несиесін төлей алмай қиналған күндерін еске алды
Sputnik

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Белгілі әнші Алтынай Жорабаева айына 6 мың доллар несиесін төлей алмай қиналған күндері туралы айтып берді. Тіпті, осы жағдайға бола әншінің сотқа шақырту алған кездері болған екен.

"Залда шал жоқ". Тұрсынбек Қабатов әнші Төреғалимен әзілдесті

Несие алып аузы күйген жандардың бірі — Алтынай Жорабаева. Ол бір кездері банктен алған несиеге бола қандай қиындыққа тап болғанын айтып берді.

"Иә, 2003-2004 жылдары менің басымда несие болды. Көлігімізді несиеге алып, кейін оны жаптық. Осыдан кейін жер үйді несиеге алдық. Үй менің атымда болғандықтан, сотқа шақырту алған жағдайлар болды", — деді Алтынай Жорабаева "Астана" арнасының "" бағдарламасында.

Әншінің несиені төлей алмауына концерт пен тойдың бәсеңдеуі де әсер етсе керек. Десе де, Алтынай Жорабаева жуырда осы несиесін толықтай өтегенін айтты.

"Үйлердің бағасы жоғары болып тұрған кезде айына 6 мың доллар төлейтінбіз. Осы ақша бір жылдай уақыт төленбей қалды. Осының салдарынан іс сотқа кетіп қалған жағдайлар болды. Бірақ шамамен екі жыл бұрын жалғыз өзім несиені толықтай төледім", — деді әнші.