АСТАНА, 14 қазан — Sputnik. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті қазақстандықтардың қыркүйектегі орташа жалақысын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2018 жылдың қыркүйегінде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 160 555 теңгені құрады.
"2018 жылдың тамызында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 89 338 теңгені құрады, бұл 2017 жылғы тамызға қарағанда 8,1% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2% жоғарылады", — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, қыркүйекте жұмыссыздар саны 441,9 мың адамды құраған. 146,8 мың адам жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр екен.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа жолдауы кезінде үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Яғни барлық сала бойынша кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысы өседі.
Қазақстан президентінің халқына жолдауының толық мәтіні
Осылайша бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің жалақысы шамамен 35%-ке артады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін 2019-2021 жылдары бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлінеді деп жоспарлануда.
Назарбаев қазақстандықтардың жалақысы өсетінін жариялады