Әлем

Ғалымдар қатерлі ісікті сумен анықтаудың жолын тапты

Мамандар қатерлі ісікті емдеуде су молекулаларының қалай көмектесе алатынын анықтады
Sputnik

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Ғалымдар онкологиялық ауруларды алғашқы кезеңде су молекулаларының көмегімен емдеп-жазудың амалын тапты, деп хабарлайды басылымы. 

Ғалымдар шұжық пен сосискадан қатерлі ісік пайда болатынын анықтады
Басков университетінің мамандары қатерлік ісікпен бірге 90% жағдайда пайда болатын, зақымдалған бөліктерді анықтауда белсенді биомаркерлер болып табылатын Tn антигендерінің екі түрін анықтады.

Tn антигендерінің екі түрі сумен араласқанда өзгеріске ұшыраған. Бірінші түрі треонинмен байланыста болғандықтан, ерітіндіде қатты күйге өзгереді. Ал екіншісі серинмен байланысты болғандықтан, керісінше жұмсара түседі.

Ғалымдардың айтуынша, Tn молекулаларының эволюциясы онкологиялық аурудың қаншалықты қатерлі екенін оңай анықтауға көмектеседі. Бұдан өзге зерттеушілер Tn антигенінің синтетикалық аналогын жасап шығару арқылы қатерлі ісікке қарсы терапия ойластырмақ.