АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Ресей Федерациясы Ленинград облысында мектеп директоры күйеуін жұмысқа орналастырып, бірден алты қызметке тағайындап қойған. Бұл туралы аймақтағы прокуратура сайтында жазылды.
Тексеріс барысында ер адам бір уақытта аула сыпырушы, күзетші, физика пәнінің мұғалімі, компьютерлік сыныптың зертханашысы, робототехника және видеомонтаж үйірмелерінің жетекшісі болғаны анықталды.
Прокуратура есебі бойынша күніне 8 сағаттан күзетші, аула сыпырушы және ұстаз ретінде аптасына 30 сағат сабақ берсе, ол тәулігіне 22 сағат жұмыс істеуі тиіс.
"Бұл жұмыс табеліне енгізілген деректердің сенімсіз екенін дәлелдеп отыр", — делінген хабарламада.
Тергеу нұсқасы бойынша, оның әйелі жұмыс уақытын жазатын табельге өтірік ақпарат енгізген және тиісті емес мөлшерде жалақы төлеген, сондай-ақ, ер адам өзіне тиесілі жұмыстың барлығын атқармаған. Фактіге сәйкес, ҚК 292-бап 1-бөлімі бойынша іс қозғалды. Ведомство мектепке материалдық шығын келген-келмегенін нақтыламады.
Қазақстанда директорлар тек 4 жылға тағайындалады
Шілде айының басында Қорған облысында мемлекеттік мекемеде директор ұлының бірден төрт қызмет атқарып отырғаны белгілі болды. Олар — зертханашы, кітапханашы, аула сыпырушы және жинап тазалаушы. Ер адам ЖОО-да оқитындықтан, бұл жұмыстың ешқайсысын істемеген. Бірақ міндетті түрде жалақы алып отырған. Сот оған заңсыз төленген 312 мың рубльді қайтаруды талап етті.