Өңірлер

Алматы облысында сәбиін өлтірді деп айыпталған жас ана ұсталды

Дәл қазір полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр және тиісті сараптамалар тағайындалды
Sputnik

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Алматы облысында полицейлер баласын өлтірді деп күдік тағылған 19 жастағы әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі.

Несиеге бола сәбиін сатқысы келетін әйел халықты ашуландырды - видео

10 қазанда Талғар ауданында бір жарым жастағы баланың өлімі тіркелді. Полицейлер өлім себебін анықтау үшін соттық-медициналық сараптама тағайындады. Алдын ала болжамдар бойынша, сәби механикалық асфиксия, яғни тұншықтыру салдарынан өлген болуы мүмкін. Нәтижесінде тәртіп сақшылары ҚР ҚК 2-бөлік 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Ауыр қылмыс жасады деп күдік тағылған 19 жастағы әйел ұсталды. Қазіргі сәтте әйел аудандық полиция бөлімшесінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын Талғар АІІБ жүргізеді және оны облыстық тергеу басқармасы бақылайтын болады", — деп хабарлады аймақтың ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, полицейлер оқиғаның барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында ашылатынын қосты.