Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 қазан

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 283-ші күн. Жыл соңына дейін 80 күн бар.
Sputnik

12 қазанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik дерекқорынан біле аласыз.

12 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды

Қазанда жұмыртқа өнімдерін шығарушылар, омлетті сүйіп жейтіндер Дүниежүзілік жұмыртқа күнін тойлайды. Бұл ерекше мерекені Халықаралық жұмыртқа комиссиясы 1996 жылы Венада өткен конференцияда бекітті. Жұмыртқа мерекесі кезінде дәмханалар мен мейрамханалар жұмыртқадан әртүрлі тағамдар әзірлейді – жұмыртқа паштеті, жұмыртқадан жасалған котлет, жұмыртқа салмасы бар тоқаш, пашот жұмыртқасы, жұмыртқа рулеті, сырниктер, тәтті омлеттер және тағы басқалары. Маврикияда бұл күні 10 000 жұмыртқа қуырылып, мейрамға жиналған халыққа таратылады. Америкалық телеарналарда осы өнімнің пайдасы туралы бағдарламалар, жұмыртқа тағамдарын әзірлеу туралы шеберлік сағаттары көрсетіледі. Австралияда "Ei-mal-täglich" ("Жұмыртқа – күн сайын") деген жазу жазылған жұмыртқа пішіндес шарлар ұшырылады. Ал Венгрияда жұмыртқа туралы ән шырқалып, би билейді, жұмыртқадан жасалған тағамдардың дәмін татуға бүкіл Еуропадан туристер жиналады.

Бүгін, сонымен қатар, Испан тілі күні. Бұл күнді испан тілін сүйіп оқитындардың бәрі атап өтеді. Мереке 2010 жылы БҰҰ департаменті алты ресми тілдің күндерін белгілеуді ұсынған кезде бекітілді. Және бұл күн тегін таңдалмаған: 12 қазанда Испанияда киелі Пилар күні және Испан ұлтының күні аталып өтеді. Статистикаға сүйенсек, испан тілі осы тілде сөйлейтіндер саны бойынша әлемде екінші орында. Тілдің отаны Еуропада болса да, Латын Америка елдерінде көбірек таралған.

Күз ортасында ауа райы барған сайын суытып, адамдарың ұнжырғасын түсіреді. Ал бүгінгі мереке – Шоколадтан жасалған тосынсыйлар күні – кімге болсын қуаныш сыйлары сөзсіз. Бұл күні бір-бірімізге шоколад ұсынып, тіпті бейтаныс жанға да тарту етуге болады. Бір-біріңізе тосын сый жасап, көңілкүйлеріңізді көтеріңіздер. Сонда бәрі тамаша болады!

12 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1810 – Алғашқы Октоберфест. Мюнхен халқы Людвиг ханзада мен Тереза ханшайымның үйлену тойын тойлауға шақырылды;

1901 – Теодор Рузвельт АҚШ президенті резиденциясына ресми түрде Ақ үй деген атау берді;

1931 – Корковаду тауының басында Құтқарушы мүсіні ашылып, жарықтандырылды. Монумент Рио-де-Жанейро символына айналған;

2003 – Михаэль Шумахер "Формула-1" жарысының тарихында алғаш рет алты дүркін әлем чемпионы атанып, чемпиондық титул саны бойынша рекорд жасады.

12 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1965 – Өскемен әуежайына алғаш рет АН-24 ұшағы қонып, Өскемен-Алматы бағытындағы тікелей рейстер ашылды;

1991 – Қазақстан жастар одағы құрылды. Басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың интеллектуалды қабілетін дамыту, ЖОО-дағы жастардың мәдени және экономикалық құқықтарын қорғау;

1997 – Алматыда Ұлттық ақпарат орталығы ашылды;

2000 – ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "ҚР президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу және беру ережесін бекіту туралы" жарлығы шықты;

2011 – Астанада "Ядросыз әлем үшін" халықаралық форумында Ядросыз әлем туралы декларация қабылданды. 

12 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1929 жылы Кеңес одағының және РФ-ның театр және кино актері, сценарист, педагог Ролан Быков дүниеге келді. 1990 жылы КСРО-ның халық әртісі атанған;

1939 жылы Кеңес одағының және РФ-ның театр және кино актері Юрий Васильев дүниеге келді. 1999 жылы Ресей Федерациясының халық әртісі атанды. "Москва слезам не верит" фильмінде Рудольфтің рөлін сомдаған;  

1958 жылы ресейлік тілші әрі тележүргізуші Михаил Леонтьев дүниеге келді;

1966 жылы Кеңес одағының және РФ-ның музыканты, актер, орындаушы, тележүргізуші Алексей Кортик дүниеге келді. "Несчастный случай" тобының әншісі әрі көшбасшысы;

1968 жылы австралиялық және америкалық актер, продюсер, "Икс адамдар" антологиясындағы супер қаһарман Логанның рөлімен көпшілікке танымал Хью Джекман дүниеге келді.

12 қазанда Қазақстанда дүниеге келген тұлғалар

1923 жылы қазақ халқынан шыққан тұңғыш сүңгуір кеме капитаны, КСРО әскери теңіз флотының 1-дәрежелі капитаны Қуанғали Ихаров дүниеге келді;

1928 жылы жазушы Жүніс Ыбыраев дүниеге келді;

1934 жылы балуан, еркін күрестен тұңғыш қазақстандық спорт шебері, Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Қабден Байдосов дүниеге келді;

1938 жылы монументші-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Бұл күні адамның әрекеті баяулап, өзін салмақты ұстап, іс-әрекетін саралауға тырысады. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, сабыр сақтап, жан-жақты ойлануға тырысқан жөн. Арандатуға жол бермей, жан тыныштығын ойлау керек. Демалып, музыка тыңдап, ұзағырақ ұйықтап, тынығып алған жөн.