Әлем

Автобуста күйеуін көңілдесімен ұстап алған әйел жанжал шығарды – видео

Филиппин тұрғыны күйеуінен бұрыннан сезіктеніп жүрген. Дау-дамай төбелеске айналғанда куәгерлер ажыратып алған
Sputnik

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Күйеуі көзіне шөп салып жүргенін біліп қалған әйел жолаушылардың көз алдында жанжал шығарды. Бірнеше күннің ішінде интернетте таралып кеткен видеоны The Daily Mail басылымы өзінің YouTube арнасында жариялады. 

Оқиға Филиппиннің Кесон қаласында болған. Әйел микроавтобус жүргізушісі болып жұмыс істейтін күйеуін жұмыс орнында көңілдесімен ұстап алған. Ол бұрыннан сезіктеніп жүрген екен.

25 жастағы жігіт анасының үш көңілдесін де өлтірді

Жолаушылардың бірі ызаланып аласұрған әйелді микроавтобустан шығарып алуға әрекеттенеді, бірақ ол қайтып барып, қарсыласына "шабуылдауды" жалғастырған. 

"Арсыз! Мен оның заңды әйелімін. Одан аулақ кетпейінше таяқ жегенің жеген!" – деп айқайлайды жүргізушінің әйелі.

Оқиға кейбір жолаушылардың көңілін көтеріп тастаған сияқты. Дау-дамай төбелеске айналғанда куәгерлер оларды ажырата бастайды.