Оқиға

Мектеп ауласында ойнап жүрген бала жазатайым оқиғадан екі қолынан айырылды

Оқушы трансформаторға шығып алып, тоққа түскен
Sputnik

АҚТӨБЕ, 11 қазан — Sputnik. Ақтөбе облысында оқушы мектеп ауласындағы аралық трансформатор станциясына шығып, ойнап жүргенде қуаты 10 мың вольт тоққа түсіп қалды. 

Шалқар ауылындағы №2 ауласында болған қайғылы оқиға жайында Диапазон жазады.

Алаң қоршауына шығып ойнаған балалар тоқ соғып өлді

Сабақтан соң екі оқушы аралық станцияға ойнауға барады. Біреуі қоршауды ашып, екіншісі кіреді де, трансформаторға шығып алады. Жоғары кернеулі тоқ өтетін конструкцияға тиіп кеткен жасөспірім қуаты 10 мың вольт электр разрядын алып, есінен танып қалған. 

"Айғайлаған даусын көшеден өтіп бара жатқандар естіп шығарып алыпты, кейін жедел жәрдем шақыру үшін мектепке жүгіріп келген. Бала жақын маңайда тұрады, көпбалалы отбасыдан шыққан. Аралық трансформатор станциясы қоршалып, құлыппен бекітілген, бірақ оқушы кіретін қуыс тауыпты", — деп мәлімет берді мектеп ұжымы.

Күшті разрядқа қарамастан, бала аман қалып, жақын маңдағы ауруханаға жатқызылған. Алайда дәрігерлер қарап шыққан соң, аудандық ауруханада балаға тиісті жәрдем көрсету мүмкіндігі жоқ екені анықталды. Сөйтіп оқушыны санавиациямен Ақтөбеге жеткізген.

Операцияға даярлау үшін екі тәулік кетіпті. Дәрігерлер ер баланың екі қолын кесті. Операция сәтті өтіп, қазір жасөспірімнің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.