Қоғам

Синоптиктер аязды күндердің қашан келетінін айтты

Сенбі күні республиканың солтүстік аймағында ауа температурасы Цельсий бойынша минус беске дейін төмендейді
Sputnik

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжауынша, алдағы үш күнде ауа температурасы минус бес градусқа дейін суытуы мүмкін.

Республиканың солтүстігінде жауын жауып, оның арты қарға ұласады. Бейсенбі күні ауа температурасы +13, +20 градус, ал 13 қазан күні қайтадан 0, +8 градусқа дейін төмендейді. Түнде ауа температурасы Цельсий бойыша 0, +5 градусқа дейін қайта төмендейді.

Мұндай ауа райын синоптиктер аймақтың Ресеймен шекаралас Еуропаға жақын бөлігінде арктикалық фронттардың өтуімен байланыстырып отыр. Қалаларда жаңбыр жауып, тауда жаңбырдың арты қарға ұласады.

Солтүстік Қазақстан мен Петропавл облысында дауылды ескерту жарияланды. Солтүстік-батыста жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.