Өңірлер

Түрмеден шыққанын екі апта тойлаған ер адам көз жұмды

Ер адам менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен
Sputnik

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Менингит дертінің белгілерімен 27 қыркүйекте ауруханаға жатқызылған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды "Петропавловск News" порталы.

Бекшин Қарағандыда менингит жұқтырған оқушы туралы мәлімет берді

Түрмеден шыққанын тойлап жүрген жас жігіт бас жарақаты және менингит белгілерімен ауруханаға түседі. Алайда сараптама нәтижелері менингококк инфекциясын анықтаған жоқ.

Ер адамға бас жарақатынан бөлек, бауыр циррозы мен гепатит диагнозы қойылды.

Басылым мәліметінше, биыл Қазақстанда 80 адам менингит дертін жұқтырған, науқастардың 15-і қайтыс болды. Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындары эпидемияға байланысты алаңдаушылық білдіре бастады.