Өңірлер

Ақтауда сыныптасын ерекше құттықтаған оқушылар интернетті шулатты

Ақтаулық оқушылар жасөспірімді бағанға байлап, оның басына айран құйған
Sputnik

АЛМАТЫ, 10 қазан — Sputnik. Ақтаулық оқушылар сыныптастарының бірін бағанға скотчпен байлап, оның басына айран мен жұмыртқа құйған.  

 Оқиғаның видеосы 10 қазан күні Facebook әлеуметтік желісінде таралды, дегенмен кейінірек ролик жойылды.

Актауские школьники привязали подростка к столбу и облили его кефиром

Оқиға 28 қыркүйекте болған. Видеодағы оқушылар Ақтау қаласындағы № 8 мектептің сегізінші сыныбында оқитыны анықталды.

Шымкентте директордың орынбасары мен мұғалім оқушыларды мазақ еткен

Мектеп директоры Әселхан Есжанова Sputnik Қазақстанға мәлімдегендей, сол күні жасөспірімнің туған күні болған. Сыныптастары оны осылай ерекше құттықтауға шешім қабылдапты.

"Біз оқушылармен де, олардың ата-аналарымен де түсіндіру жұмысын жүргіздік. Жиналысқа кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор қатысып отырды. Екі жақтың ата-аналарының бір-біріне шағымы мен қарсылығы жоқ", — деді спикер. 

Айта кетейік, оқиғаға қатысушылар мектеп есебіне алынды.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Қостанай қаласындағы мектептердің бірінің оқушысы жоғалып кетті. Жасөспірімнің әпкесінің айтуынша, оның жоғалып кетуіне сыныптастарының келемеждеуі себеп болған. Бірнеше күннен кейін жасөспірім үйіне оралды.