Әлем

Қырғызстанның мәдениет министрі дүниеден озды

Сұлтан Жұмағұлов ұзақ уақыт онкологиялық аурумен күрескеннен кейін көз жұмды
Sputnik

АСТАНА, 8 қазан — Sputnik. Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің басшысы 59 жасында дүниеден өтті, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан. 

Қазақстанның халық әртісі дүниеден озды

Жұмағұловтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты оның орынбасары растады. Шенеунік дүйсенбіге қараған түні ауруханада көз жұмды.  

Сұлтан Жұмағұлов 2017 жылдан бастап мәдениет министрі қызметін атқарып келді. Бұған дейін бірқатар қырғызстандық БАҚ-ты, атап айтқанда,  КТРК, ЭлТР телеарналарын және "Азаттыктың" Бішкектегі бюросын басқарды.