АСТАНА, 7 қазан — Sputnik. Қазақстандық Батыр Жүкембаев мексикалық қарсыласы Патрисио Мореноны нокаутпен жеңді. Аталған жекпе-жектің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Канадалық Квебекпен жекпе-жек он раунд ережесі бойынша өтті. Алайда бұл кездесу жеті раундқа созылып, Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді.
Сондай-ақ, осы жекпе-жекте қазақстандық боксшы карьерасында алғаш рет нокдаунға түсті. Бірақ екінші раундтың соңында Жүкембаев қарсыласының өзін нокдаунға жіберді.