Қоғам

Cүйген адаммен бақытты ғұмыр сүру үшін осы сөзді жиі айту керек

Ғалымдар бақытты қарым-қатынастың ең басты белгісін анықтады
Sputnik

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Калифорния унверисетінің мамандары бақытты қарым-қатынастың басты белгісі жұптың әңгіме арасында "біз" есімдігін жиі пайдалануы деп тапты, зерттеу нәтижелері EurekAlert! порталында жарияланған, деп хабарлайды РИА Новости.

Ғалымдар: кеңседе жұмыс істейтіндер ажырасуға бейім келеді

Жұмыс авторларының бірі Меган Роббинс айтқандай, "біз" есімдігін жиі пайдалану қос ғашық арасындағы тығыз байланысты көрсетіп, олардың өзімшілдіктен бойын аулақ ұстап, қарым-қатынасты дамытуға ат салысатынын дәлелдейді.

Зерттеушілер атап өткендей, мұндай жайт жастар арасында ғана емес, қарт жұптар үшін де өзекті. Тіпті жанжал үстінде немесе басқа да қиындықтар туындағанда "біз" есімдігін қолдану аса маңызды, деп санайды ғалымдар.

"Бұл сөздер адамның қарым-қатынасын өзгертіп, жақындастыра түседі", — деп мәлімет берді зерттеушілер.