АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап учаскелік медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ке көбейеді. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Назарбаев келесі жылдан бастап дәрігерлердің жалақысын өсіру тапсырды.
"Біздің азаматтар өз елімізде емес, шет мемлекеттерде емделеді. Өйткені біздің дәрігерлерге сенбейді. Ең алдымен, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметкерлерін ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңмен учаскелік медициналық қызметкерлердің жалақысын 20%-ке өсіруді тапсырамын. Бұл үшін келесі жылы республикалық бюджеттен 5 миллиард теңге бөлінеді", — деді президент.
Елбасы Астанада ұлттық онкологиялық орталық салу қажеттігін айтты.
Назарбаевтың халыққа жолдауымен толығырақ мына жерде танысуға болады
"Жақсы баға мен сенімге ие болған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін қолдана отырып, келесі жылы Астанада ұлттық ғылыми-онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керек. Бұл туралы айтып жүргеніме екі жыл болды. Биыл орталықтың іргетасын қалап, оны әлемдегі ең күшті жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Мен, тіпті, осы орталыққа дайындалған кезде, қандай жабдықтар қойылатынын да зерттеп шықтым"- деді мемлекет басшысы.