АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Нью-Джерсиде тұратын америкалық кәсіби фотограф Джон Энтвистл көк жүзінде пайда болған бес қатар кемпірқосақты суретке түсіріп алды. Фотография 19 қыркүйекте жасалған.
Күн батар кезде пайда болған табиғи иллюзияның суретін Энтвистл Instagram желісінде жариялады. Фото әлеуметтік желілерде жылдам тарап кеткені сонша, NASA агенттігі оны сол күннің ең үздік суреті деп атады.
Фотограф өз оқырмандарына алғысын жеткізді.