АСТАНА, 5 қазан— Sputnik. Алматыда кеше қараңғы түскен уақытта жантүршігерлік жол апатынан әйел адам ажал құшты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.
Жол апаты Райымбек даңғылында Бауман көшесінен сәл әріректе болған. Куәгерлердің айтуынша, 35 жас шамасындағы әйел мас болған, ол жолдың ортасында тұрған. Осы кезде шығыс бағытта Mercedes көлігі келе жатқан екен.
Жүргізуші дер кезінде тоқтап үлгермей, әйелді бар жылдамдықпен келіп соққан. Соққының қатты болғаны соншалық, әйелдің оң аяғын жұлып кеткен.
Зардап шегуші жедел жәрдем көлігі келгенге дейін жан тапсырды.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.