Әлем

Суданда екі әскери ұшақ соқтығысты - видео

Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ
Sputnik

АСТАНА, 4 қазан— Sputnik. Хартум әуежайында Судан әуе күштерінің Ан-26 және Ан-32 ұшақтары соқтығысты. 

Оқиға үшінші қазанда болған. Ұшу-қону жолағында ұшақтардың бірі қонғаннан кейін екіншісін қуып жетіп, оған соғылады. 

The Daily Mail басылымының хабарлауынша, төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Екі ұшаққа да қатты зиян келген, олар енді пайдалануға жарамсыз.

Ұшақтарды судан билігі аэротүсірілім мен жүк тасымалы үшін пайдаланған.