Қоғам

Назарбаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Нұрсұлтан Назарбаев ертең жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялайды
Sputnik

АСТАНА, 4 қазан— Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазанда Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Ақорда. 

Ертең, 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды.

Мемлекет басшысы жолдауында баспанамен қамту мәселесін қозғады

Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналады.

Қазақстан президенті биыл наурыз айында парламент палаталарының бірлескен отырысында қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған бес әлеуметтік бастамасын жария еткен болатын.  

Президенттің бұған дейінгі Жолдауы 10 қаңтарда жарияланған еді.