АСТАНА, 4 қазан— Sputnik. Ирландиялық Конор МакГрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедов осы демалыста кездеседі. Ирландиялық спортшы UFC нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белбеуі үшін күреседі. Бұл атақты Нурмагомедов биылғы жылдың сәуірінде америкалық Эл Яквинтадан алып қойған еді.
Жекпе-жектің трансляциясы 7 қазанда Qazsport телеарнасында Астана уақыты бойынша сағат 7:50-де басталады.
Бұл кештің басты жекпе-жегі болмақ, бұдан бөлек басқа да белгілі спортшылар шаршы алаңға шығады. Тони Фергюсон мен Энтони Петтисом арасындағы жекпе-жек те көрермендер үшін өте қызық болмақ.
Сонымен бірге, ауыр салмақтағы америкалық Деррик Льюис пен ресейлік Александр Волков арасындағы жекпе-жек кештің көркін қыздыра түсетіні анық.
Хабиб Нұрмагомедов аралас жекпе-жекте 26 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Оның сегізін нокаутпен аяқтаған. Ал Конор МакГрегор 24 жекпе-жек өткізіп, үшеуінде жеңілген. 18-ін нокаутпен аяқтаған. МакГрегор соңғы рет рингке екі жыл бұрын 2016 жылы күзде шықты.
Хабиб Нұрмагомедов — UFC әлем чемпионы болған алғашқы ресейлік спортшы. Америкалық Эл Яквинтамен өткен жекпе-жекте дағыстандық қарсыласынан басым түсті. Дегенмен, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтай алмады, бірақ барлық бес раунд бойы ресейлік спортшы алда болды.