Қоғам

Астанада жылу беру маусымы басталды

Бүгінге дейін жылу жабдығына 127 әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық нысан қосылып үлгерді
Sputnik

АСТАНА, 4 қазан — Sputnik. Бүгіннен бастап Астанада тұрғын үйлерге жылу беріле бастады. 

Сағынтаев көмірге қатысты: былтыр болған келеңсіз жағдай қайталанбасын

Астанада ресми түрде жылу маусымы басталды. Қаладағы көпқабатты үйлер жылуға қосылды.  

Процесс бірнеше күнге созылады. Бүгінге дейін өтініш бойынша жылу жабдығына әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық 127 нысан қосылып үлгерді, деп жазды Астана әкімдігінің ресми сайты

Жылу 18 денсаулық сақтау объектісіне, 72 балабақшаға, 16 мектепке, 11 оқу орнына, 3 мәдени нысанға берілді. Көмір бойынша отын қоры 332 606 тоннаны құрайды, оның ішінде ЖЭО-1 – 50 679 тонна, ЖЭО-2 – 281 927 тонна. Мазут бойынша – 5 770 тонна, Оның ішінде ЖЭО-1 – 3 203 тонна (қосымша резерв – 5 382 тонна) және ЖЭО-2 – 2 567 тонна.