Өңірлер

"Қол-аяғын ұстап тұр". Түркістан облысында жасөспірімді сыныптастары зорлаған

13 жастағы ер баланың зорланғаны туралы анасы хабарлады
Sputnik

ТҮРКІСТАН, 3 қазан — Sputnik. Түркістан облысында 13 жастағы жасөспірімнің анасы ұлын мектеп-интернаттағы сыныптастары бір жыл бойы зорлап келгенін айтты.

Абай ауылында баланы зорлау ісі бойынша бастапқы тыңдау өтті

Ер бала сексуалды сипатта жәбір көргенін біреуге айтуға қорыққан. Анасы қазір тиісті сараптамалар жүргізіп жатыр. Сол үшін Алматыға келді, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Әйелдің айтуынша, болған жайтты 6 қыркүйекте білген. Бірнеше ай бұрын ұлының денсаулығы сыр бере бастайды, бірақ өлтіреміз деп қорқытып тастағандықтан, жасөспірім болған оқиға жайында тіс жармайды.

Ақыры бар шындықты анасына айтып берген соң, әйел адам бірден құқық қорғау органдары мен прокуратураға арыз берген. Оның айтуынша, мектеп басшылығы мен зорлағандардың ата-аналары ақшалай өтемақы ұсынған көрінеді.

Жасөспірім басынан өткен жайтты ұстаздарына жеткізгісі келсе де, ешкім құлақ аспапты. Баланың айтуынша, мектеп-интернаттың екі оқушысы зорлық көрсеткен.

"Олар мені байлап, біреуі "қол-аяғын ұстап тұр" деді. Мұны екі рет жасады", — дейді жасөспірім.

Баланы мектеп-интернаттың бөлмелерінде, кейінірек мал қорада зорлаған.

Жаңа омбудсмен ОҚО-дағы баланы зорлау ісін қолға алды

Оқиғадан кейін мектепте ішкі тексеріс жүргізіліп, ұстаздар мен шәкірттерден жауап алынды. Алайда мектеп-интернаттың директоры білім беру мекемесінде зорлау ісі болған жоқ дейді.

"Мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес. Оқушылардың өзі солай деп отыр. Бәрі бір бөлмеде ұйықтайтын. Ешкім ешкімге ақша ұсынған емес", — деп мәлімдеді мектеп-интернаттың директоры Талғат Ахметов.

Қазір полициясы аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары жасөспірімнің бірнеше мәрте зорланғаны туралы деректі де мұқият тексеретін болады. Тергеу нәтижелері кейінірек хабарланбақ.

Айта кетсек, Қазақстанның оңтүстігінде баланы зорлау оқиғасы бірінші рет болып отырған жоқ. Биыл наурыз айында Абай ауылында 7 жасар баланың зорлануы қоғам назарына іліккен еді. Тергеу барысында мектеп басшылығы мен аудандық құқық қорғау органдары өкілдері бұл жайттан хабардар болғаны анықталды. Төрт жоғары сынып оқушысы ұзақ уақыт бойы балаға жәбір көрсетіп келіпті. Алайда жасөспірімдердің үшеуі 14 жасқа толмағандықтан, сот алдына тек бір ғана айыпталушы келді.