Спорт

WBC Головкин мен "Канелоның" жекпе-жегіне қатысты маңызды шешім қабылдады

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегін ұйымдастыру мүмкіндігі артты
Sputnik

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. ESPN Deportes мәліметінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Киевтегі Дүниежүзілік бокс кеңесі конвенциясының сессиясы кезінде WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына бірінші үміткер болып белгіленді, деп жазды Sports.kz. 

Головкин екі әлем чемпионы белбеуі үшін жұдырықтасатыны жария етілді

Бұған дейін GGG промоутері Том Леффлер Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасында үшінші жекпе-жекті өткізу жайлы WBC-ге өтініш жасайтынын мәлімдеген еді, себебі олар мексикалық жеңіске жеткен екінші жекпе-жекте төрешілер шешімі әділ болмады деп есептейді. 

Головкиннің бірінші кезекке шығуы үшінші жекпе-жекті өткізу мүмкіндігін арттырып отыр, бұған дейін "Канеломен" жекпе-жекке бірінші үміткер ретінде WBC "уақытша" әлем чемпионы Джермалл Чарлоның аты аталған болатын.    

Альварестің чемпион ретіндегі тағдыры бүгін шешіледі деп болжанып отыр. Сонымен қатар WBC президенті Маурисио Сулейман "Канелоға" желтоқсанда титулын өз қалауынша қорғауға рұқсат берді.     

Сондай-ақ Сулейманның пікірінше, Головкиннің реванш өткізу жайлы ұсынысы ескерусіз қалмауы керек.

"Канело" белбеуін қорғауға міндеттелуі мүмкін, алайда өз еркімен қорғайтын жолдары да бар. Сондай-ақ біз Головкин реванш сұрағанын білеміз. Әзірге бұл жекпе-жек ресми жарияланған жоқ, алайда ол оны өткізгісі келетіні анық", — деп атап өтті Сулейман.