Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 қазан

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 276-шы күн. Жыл соңына дейін 89 күн бар.
Sputnik

3 қазанда не болғанын білесіздер ме?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін оқыңыздар.

3 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін – балағат сөздерді айтпайтын күн. Әрқайсымыздың өмірімізде келеңсіз жайттар мен күйзеліс туғызатын оқиғалар болып жатады. Сондықтан бірнәрсе көңіліңізге қонбаса, ұрысып, байбалам салудың қажеті жоқ. Мәселеге басқа көзбен қарап көріңіз, қандай жағдай болса да, жақсыға жоруға тырысыңыз. Ғалымдар анықтағандай, егер адам күн сайын балағат сөз айтатын болса, бойында жағымсыз энергия жинақталып, ДНҚ-сын бұза бастайды. Бұл әсіресе нәзік жандыларға қатысты – боқауыз сөз айту әйел адамның гормонына зиянын тигізеді. Ғалымдардың сөзіне құлақ ассаңыз, айналаңызға жақсы энергия ғана таратасыз. Бүгін, сонымен бірге, Дүниежүзілік салауаттылық күні тойланады. 3 қазанда бүкіл әлемде аталып өтетін бұл мереке маскүнемдікке шалдығу тұлғаның кері кетуіне әкеп соғатынына назар аударуға бағытталған. 

Германияда бүгін Немістердің бірлігі күні тойланады, ал Оңтүстік Кореяда – Мемлекеттің құрылу күні.

3 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1906 – SOS сигналы халықаралық апат дабылы болып бекітілді;

1945 – Дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясы құрылды;

1952 – АҚШ-та магниттік таспаға алғаш рет бейнежазба жазылды;

1968 – "Ту-154" магистральді жолаушылар ұшағы алғаш рет ұшырылды.

3 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1883 – Абай атындағы Семей әмбебап кітапханасы құрылды;

1946 – Өскеменде 600 абонентке арналған жартылай автоматты телефон станциясы пайдалануға берілді;

1997 – Алматыда Қазақстанның халық жазушысы Мұхамеджан Бекхожин мен академик Мұхамеджан Қаратаев тұрған үйлерде ескерткіш тақтасы орнатылды.

3 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1873 жылы кеңес жазушысы Вячеслав Шишков дүниеге келді. 1946 жылы ол "Емельян Пугачев" романын жазғаны үшін бірінші дәрежелі Сталин сыйлығын иеленді;

1895 жылы атақты орыс ақыны Сергей Есенин өмірге келді;

1935 жылы кеңестік театр және кино актері, театр педагогі, театр режиссері Армен Джигарханян дүниеге келді (фильмдері: "Здравствуй – это я!", "Журавушка", "Здравствуйте, я ваша тетя", "Место встречи изменить нельзя");

1964 жылы ресейлік музыкант, вокалист, композитор, "Агата Кристи" рок тобының көшбасшысы Вадим Самойлов дүниеге келді.

3 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

— 1870 жылы 1916 жылғы Қарқаралы ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі Серікбай Қанайұлы дүниеге келді;

— 1900 жылы ақын, әнші, әртіс, алғашқы кәсіби қазақ актерлерінің бірі Иса Байзақов дүниеге келді;

— 1941 жылы жазушы, аудармашы Бақытжан Момышұлы дүниеге келді;

— 1958 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде орналасады. Адамның күш-қуаты артатын күн. Алға қойған мақсатқа жету үшін орасан зор қажыр-қайратыңызды жұмсасаңыз да, шаршап қалмассыз. Дене шынықтырумен көбірек айналыссаңыз артық етпес. Күні бойы күш-қуатыңызды алдын ала жоспар бойынша тиімді іске асырғаныңыз абзал.