Қоғам

Грекиядан қазақстандық террорист экстрадицияланды

Дастан Хайсинге терроризмге қатысты қылмыc жасады деген айып тағылған
Sputnik

АСТАНА, 2 қазан — Sputnik. Қазақстандық Дастан Хайсин Грекияда жасырынып жүрген еді.

Миллиондап ақша ұрлаған қылмыскер Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды

Сейсенбі 2 қазанда Бас прокуратура қызметкерлері мен Қазақстанның ҰҚК 36 жастағы Хайсинді Афины қаласынан Астанаға экстрадициялады.

Қазақстан азаматына терроризмге қатысты қылмыстар жасады деген айып тағылған. ҰҚК баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам Сирия аумағында террорлық іс-әрекетке араласқаны үшін 2015 жылдан бері халықаралық іздеуде болыпты.

Қазақстанның қылмыстық қудалау органдары мен грек әріптестерінің арқасында Қазақстанның Грекиядағы елшілігінің қолдауымен ер адам экстрацияланды.

Мәліметке сүйенсек, Хайсин Астананың тергеу изоляторына қамауға алынған.