Спорт

Головкин Қазақстанға келді

Спортшы дене шынықтыру-сауықтыру орталығында болып, жас спортшылармен әңгімелесті
Sputnik

АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Бүгін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Қарағандыға келді, деп хабарлайды ekaraganda.kz.

Головкин екі әлем чемпионы белбеуі үшін жұдырықтасатыны жария етілді

Геннадий Головкин бейресми түрде дене шынықтыру-сауықтыру орталығында болды. Спортшы кешен секцияларының жұмысымен танысты. 

Сондай-ақ, Головкин спорт үйірмелерінің тәрбиеленушілерімен әңгімелесіп, болашақ спортшыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Отандасымыздың кешенге келуі балалар үшін күтпеген сый болды.

Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-mobile аренасында Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің қарымта-жегі өткен болатын. 12 раундқа созылған кездесу төрешілер шешімімен "Канелоның" пайдасына шешілді. Осылайша отандасымыз кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліп, барлық чемпиондық белбеуінен айырылған еді.