Оқиға

Астанада аялдама жанында екі автобус соқтығысты - фото

Полицияның хабарлауынша, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ
Sputnik

АСТАНА, 2 қазан — Sputnik. Астанада министрліктер үйінің жанындағы аялдамада жолаушылар автобусы соқтығысты.

Астанада жолаушылар автобусы соқтығысты

 

Екі жүргізуші де бір бағытта келе жатқан. Жол апаты салдарынан автобустардың бірінің алдыңғы шынысы бүтіндей дерлік сынды. Екінші көліктің соққыдан есігінің шынысы ұшып кетті.

1 / 4
Астанада жолаушылар автобусы соқтығысты
2 / 4
Астанада жолаушылар автобусы соқтығысты
3 / 4
Астанада жолаушылар автобусы соқтығысты
4 / 4
Астанада жолаушылар автобусы соқтығысты

Ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасы тілшісіне хабарлағандай, қазіргі уақытта бұл факті бойынша тексеріс жүріп жатыр. 

"Сағат 13.40-та екі автобус соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ. Кімнің кінәлі екені әлі белгісіз", — деп жауап берді басқармадағылар. 

Апат орнына келген полицейлер мән-жайды анықтап жатыр.