Фото

Өнер бойға қарамайды: әлемге әйгілі аласа бойлы арулар - фото

Sputnik

Адамның салмағы, бойы, көрікті жүзі мен сымбаты – танымал әрі табысты болу мүмкіндігін еселей түседі.

Алайда шоу-бизнесте дене мүсіні сұлулық стандарттарына сай келмесе де, көпшіліктің көзайымына айналып, биіктерді бағындырған арулар аз емес көрінеді.

Әлемге әйгілі "бір жапырақ" жұлдыздар туралы Sputnik топтамасынан біле аласыз.

Голливудтың ең үздік актрисаларының табысы қанша?— фото
1 / 13
Мың бұрала би билеп, әсем даусымен тыңдармандарының жүрегін жаулаған поп жұлдыздың шын есімі – Шакира Исабель Мерабак Риполл. Ол 1977 жылы 2 ақпанда Колумбияның Барранкилья қаласында дүниеге келді. Бойы 157 см, салмағы 46 кг.
2 / 13
Николь Ричи (Nicole Richie) – америкалық актриса, әнші, продюсер, фотомодель және дизайнер. Туған күні – 21 қыркүйек 1981 жыл. Калифорниядағы Беркли қаласында өмірге келген. Бойы 157 см, салмағы 42 кг.
3 / 13
Кристина Риччи (Christina Ricci) – америкалық және продюсер. АҚШ-тың Санта-Моника қаласында 1980 жылы 12 ақпанда дүниеге келді. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 55 килограмм.
4 / 13
Ева Лонгория (Eva Jacqueline Longoria) – америкалық актриса, продюсер, режиссер, қоғам белсендісі және кәсіпкер. 1975 жылы 15 наурызда АҚШ-тың Техас штатындағы Корпус-Кристи қаласында дүниеге келді. Бойы – 157 сантиметр, салмағы – 46 килограмм.
5 / 13
Кристен Белл (Kristen Bell) – америкалық актриса 1980 жылы 18 маусымда Детройт қаласында дүниеге келген. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 45 килограмм.
6 / 13
Леди Гага (Lady Gaga) – америкалық әнші, әндердің авторы, продюсер, дизайнер және актриса. Шын есімі - Стефани Джоанн Анджелина Джерманотта. Туған күні – 28 наурыз 1986 жыл. Туған жері – Нью-Йорк. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 52 килограмм.
7 / 13
Ариана Гранде (Ariana Grande) - америкалық актриса және әнші. 1993 жылы 26 маусымда АҚШ-тың Флорида штаты Бока-Ратон қаласында дүниеге келді. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 45 килограмм.
8 / 13
Жұлдызды апалы-сіңлілі – Кортни Кардашьян мен Ким Кардашьян. Екеуі де фотомодель әрі бизнес-вумен. Кортнидің бойы небәрі 152 сантиметр, ал салмағы 45 килограмм. Ал әпкесі Ким одан гөрі сәл бойшаң – 158 сантиметр, салмағы – 53 килограмм.
9 / 13
Кайли Миноуг (Kylie Minogue) – австралиялық және британдық әнші, әндер авторы және актриса. 1968 жылы 28 мамырда Австралияның Мельбурн қаласында дүниеге келген. Бойы – 153 сантиметр, салмағы – 49 килограмм.
10 / 13
Риз Уизерспун (Reese Witherspoon) - америкалық актриса және продюсер. Туған күні – 1976 жыл 22 наурыз. Туған жері – Жаңа Орлеан, АҚШ. Бойы – 156 сантиметр, салмағы – 50 килограмм.
11 / 13
Кристина Агилера (Christina Aguilera) – америкалық әнші, әндердің авторы, биші, актриса, продюсер, тележұлдыз, сондай-ақ БҰҰ-ның ерікті елшісі. 1980 жылы 18 желтоқсанда Нью-Йорк қарасында дүниеге келген. Жұлдыздың бойы – 157 сантиметр, салмағы – 45 килограмм.
12 / 13
Сальма Хайек (Salma Hayek) - мексикалық-америкалық актриса, режиссер, продюсер. Туған күні - 2 қыркүйек 1966 жыл. Туған жері - Коацакоалькос, Мексика. Бойы - 157 сантиметр, салмағы - 46 килограмм.
13 / 13
Ванесса Хадженс (Vanessa Anne Hudgens)- америкалық актриса және әнші. 1988 жылы 14 желтоқсанда Калифорния штатындағы Салинас қаласында дүниеге келген. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 45 килограмм.