Оқиға

Алматыда жаппай жол апаты болды: инкассатор көлігінің быт-шыты шықты

Иномарка үш көлікті соққан, оның ішінде инкассаторлық "ГАЗель" бар
Sputnik

АСТАНА, 1 қазан — Sputnik. Алматының Сәтбаев көшесінде ірі жол апаты болды.  

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты: екі адам өлді

Куәгерлердің айтуынша, BMW автокөлігі мен инкассаторлық "ГАЗель" Сәтбаев көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Осы кезде, жүргізушілер атап өткендей, қарсы беттен Hyundai Accent көлігі келген. 

Hyundai BMW-нің бүйірінен соғып кетіп, біраз жүргеннен кейін инкассатор көлігіне ұрылған. Қатты соққыдан  "ГАЗелдің" сол жақ доңғалағы шығып кеткен.  

Hyundai тағы 30-40 метр жүріп, алдында келе жатқан Nissan Teana-ны соққан. Соққының күшті болғаны соншалық, Nissan қарсы жолаққа шығып, жиектасқа соғылған.  

Жол апаты салдарынан Hyundai Accent жүргізушісі зардап шекті. Ол көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды.  

Куәгерлердің хабарлауынша, жүргізуші мас болған.  

1 / 3
Сәтбаев көшесінде төрт көлік жол апатына түсті
2 / 3
Hyundai Accent үш көлікті соқты, оның ішінде инкассаторлық "ГАЗель" бар
3 / 3
Сәтбаев көшесінде жаппай жол апаты болды

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін апат орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.