Қоғам

Стамбул әуежайында қаза болған қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі

37 жастағы ер адам ауруханаға барар жолда көз жұмды
Sputnik

АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров Стамбул әуежайында болған қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты.

Түркияда құлап өлген қазақстандыққа қатысты жаңа деректер шықты

37 жастағы қазақстандық Стамбул әуежайына 26 қыркүйек күні ұшып келген. Ер адам бір күн бойы әуежай терминалының ғимаратында болған. 27 қыркүйекте сағат түскі 15:30 шамасында ол ғимараттың ішінде екінші қабаттан құлап түсті. 

Түркиялық дәрігерлер оқиға орнына келгенмен, ер адамды ажалдан арашалап қала алмады. Қазақстан азаматы ауруханаға барар жолда көз жұмды. 

"Қазір оның денесі Стамбулдағы ауруханалардың бірінде. Жұбайы суыт хабар алысымен Түркияға ұшып барды. Біздің консул барлық қажетті құқықтық көмекті көрсетіп жатыр", —деді Смадияров апта сайынғы брифингте. 

Жақын арада барлық құжат рәсімделіп, ер адамның денесі Қазақстанға жеткізіледі.