Спорт

Әбден қалжыраған спортшылардың жекпе-жегі жұртты күлкіге қарық қылды - видео

Ауыр салмақта төбелесетін ережесіз жекпе-жек шеберлері үш минуттан тұратын үш раунд бойы жұдырықтасуы керек еді, бірақ екеуінің әлі құрып, шаршап қалған
Sputnik

АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Бұл - ММА тарихында ең қызық әрі күлкілі жекпе-жектердің бірі болды, деп жазады Sputnik International

Бұрынғы рестлер Боб Сапп пен бұрынғы сумоист Осунаараси Кинтароның кездесуі цирк қойылымына айналды. 

Салмағы 150 келі спортшылар жекпе-жекті ширақ бастап еді, уақыт өте күші сарқылып, титықтап қалды. Осындай жағдайда арнайы енгізілген әрқайсысы 3 минуттан тұратын үш раунд ережесі де көмектеспеді. Балуандардың шамасы екі раундқа ғана жетіп, үшіншісінде төбелесуді мүлдем қойып, көзбен ғана атысқан. 

Соққылар арасындағы үзіліс он секундқа дейін созылып кетті, тіпті бір минутқа дейін жеткен кезі болды. Сапп пен Кинтаро бір-бірінен көз алмай, рингте әрең дегенде аяқ алып жүрді. Ақыры соңында төрешілердің шешімімен америкалық Боб Сапп жеңіске жеткен.