Өңірлер

Он жасар бала құбыр арасына қысылып қалды – құтқару операциясының кадрлары

Құтқарушылар құбыр арасына қысылып қалған баланы шығарып алды, құбырларды да бұзған жоқ
Sputnik

ҚЫЗЫЛОРДА, 1 қазан — Sputnik. Қызылорда қаласы Ақмешіт шағын ауданының тұрғындары баланы құтқару операциясының куәгері болды.

"Он жасар бала достарымен ойнап жүріп, жылу құбырына шығады, кенет құлап кетіп, екі құбырдың арасына кеудесімен қысылып қалған", — деп мәлімет берді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметінің басшысы Айгүл Нұрманова.

Балақай өз бетімен шыға алмай, шошып кеткен достары үлкендерден көмек сұрайды, ал олар құтқару қызметін шақырыпты.

1 / 2
Қызылордада құбыр арасына қысылып қалған баланы құтқару сәті
2 / 2
Қызылордада құбыр арасына қысылып қалған баланы құтқару сәті

"Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына шұғыл аттанып, жағдайды көрген соң, гидравликалық құралдың көмегімен жылу құбырларының арасын кеңейтті, — деп хабарлады Нұрманова. – Осылайша, баланы шығарып алды. Жеткіншек сабыр сақтап, құтқарушылардың айтқанын мұқият тыңдады, сөйтіп аман-есен құтқарылды, дәрігерлердің көмегі қажет болған жоқ".