Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 қазан

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 275-ші күн. Жыл соңына дейін 90 күн бар.
Sputnik

2 қазанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін оқыңыз.

2 қазанда болған қызықты оқиғалар

Бүгін – Халықаралық бейзорлық күні. Бұл күн Үндістанның тәуелсіздігі үшін қозғалыстың басшысы, бейзорлық философиясы мен стратегиясының негізін қалаушы Махатма Гандидің туған күніне байланысты таңдалған. 24 жасынан бастап 78 жасында кісі қолынан ажал құшқанға дейін Ганди бар өмірін зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арнаған. Халықаралық бейзорлық күнін БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылы 27 маусымда бекіткен. Басты мақсаты, Бас Ассамблея шешімінде көрсетілгендей, бейбітшілік, төзімділік, түсіністік пен бейзорлық мәдениетін қалыптастыру ниеті.

Бүгін, сонымен қатар, Электронды поштаның туған күні тойланады.

XX ғасырда адамдар пошташыны асыға күтіп, хат қолына тигенше тағат таппайтын. Енді қағаздың орнын электронды хаттар толығымен алмастырды десек, артық айтпаспыз. 1971 жылы 2 қазанда Р. Томилсон алғаш рет бір компьютерден екіншісіне хат жолдады. Компьютерлер бір бөлмеде тұрса да, бұл дүйім жұртты дүр сілкіндіріп, ақпарат алмасудың жаңа арнасына жол ашты. @ символын Томилсон компьютер мен қолданушының есімін ажырату мақсатында ойлап тапқан. Алғаш рет АҚШ-тың әскери желісінде пайдаланылды.

2 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1870 – Рим біріккен Италияның астанасына айналды;

1936 – АҚШ-та "құрғақ заң" алынып тасталғалы бері алғашқы ішімдік өндіруші кәсіпорын ашылды; 

1997 – жапон ғалымдары адам ағзасындағы биологиялық сағатқа жауап беретін генді анықтады;

2002 – Жапонияда әлемдегі алғашқы робот-инкассаторлар сатыла бастады.

2 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1980 – Целиноград қаласында тың игерудің 25 жылдығына байланысты бейнелеу өнері музейі ашылды;

1991 – Байқоңырдан алғашқы қазақ ғарышкері ғарышқа аттанды.

2 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар

— 1914 жылы кеңестік радио жүргізушісі, Бүкілодақтық радио және КСРО-ның телевидение және радио бойынша мемлекеттік комитетінің дикторы Юрий Левитан дүниеге келді;

— 1938 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Людмила Крылова өмірге келді.  Актер Олег Табаковтың бірінші әйелі (фильмдері: "Добровольцы", "Катя-Катюша", "Ах, водевиль, водевиль");

— 1946 жылы кеңестік және ресейлік әнші, актер және тележүргізуші Леонид Серебренников дүниеге келді;

— 1948 жылы актер, режиссер, театр педагогы, Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Тұңғышбай Жаманқұлов дүниеге келді;

— 1973 жылы Украинаның эстрада әртісі, халық арасында  Верка Сердючка деген атпен белгілі Андрей Данилко өмірге келді.

2 қазанда Қазақстанда кім дүниеге келді

— 1923 жылы жазушы, қазақ әдебиетінде шырғалаң оқиғалы детектив жанрының негізін қалаушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаев дүниеге келді. "Қызыл комиссар", "Қылмыскер кім?", "Сиқырлы сырлар" атты пьесалар жазған;

— 1926 жылы кинорежиссер, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдолла Қарсақбаев дүниеге келді;

— 1944 жылы баскетболшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, қазақтан шыққан түңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде орналасады. Қолайсыз күн болып есептеледі. Әртүрлі кедергілер мен қиындықтарға сабырмен қарап, мойымауға кеңес беруге болады. Кикілжіңнен бойыңызды аулақ ұстап, ашу шақырмауға тырысыңыз.