Қоғам

Анасының ұрғанын мектепке айтып барған: Германияда қазақстандық әйел қызынан айырылды

Қазір қыз балалар үйінде. Қазақстанның консулы баламен кездесіп, анасымен хабарласып отыр
Sputnik

АСТАНА, 1 қазан — Sputnik. Германияда қызын ұрғаны үшін қазақстандық әйелден баласын тартып алды.

Алматыда әкесі таспен ұрып, жолға тастап кеткен бала ауруханадан шықты

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияровтың мәліметіне сүйенсек, оқиға бірнеше апта бұрын болған. Қыз бала анасының ұрып-соққанын ұстаздарына айтып барыпты. Германия заңы бойынша, балаға зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынғандықтан, жергілікті билік өкілдері қызды анасынан айырды.

"Қазір әйел адвокаттармен бірге сотқа қажетті құжаттарды ресімдеп жатыр", — деп мәлімет берді Айбек Смадияров.

Тергеу барысында қыз балалар үйінде болады. Қазақстанның консулы қызбен кездесіп, анасымен де үнемі байланыста отыр.

Сыртқы істер министрлігі қыз баланың отбасына оралуы үшін барынша жәрдем беретін болады.